Атырау, 10 мамыр 21:56
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қазақ тіліне ештеңе кедергі келтірмейді – Д.Назарбаева

2 604 просмотра

Фото: pm.kzАстанадағы білім беру саласы қызметкерлерінің Республикалық тамыз конференциясына қатысқан Үкімет басшысының орынбасары Дариға Назарбаева үш тілді білім беру жүйесін түсіндіру кезінде біршама қателік кетсе де, одан дүрбелең жасамауға үндеді. Оның айтуынша, осы бастама аясында қазақ тілінің дамуына ешқандай кедергі болмайды. Айта кетер жайт, жүздеген педагог алдында сөз сөйлеген Д.Назарбаева өз баяндамасын басынан бастап аяғына дейін мемлекеттік тілде жасады, деп xабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Келесі бір мәселе – қоғамдық резонанс туғызған үш тілді білім беру жүйесі. Бұл полемикада көптеген түсініксіз қатеyің болуына бізден де кінә бар. Оны мойындаймыз. Ол мәселе түрлі пікірлер мен айтыс туғызды. Үш тілді білім беру жүйесі кезең-кезеңмен жүзеге асады және ең алдымен 10-11 сыныптарда тек 2019 жылы ғана басталады. Осы мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын ұстаздар мен оқушылар, олардың ата-аналары арасында әлі де жүргізу керек», - дейді ол.

Алдағы екі жылда үш тілді білім беру жүйесін енгізу үшін барлық қажетті жағдай жасалады. Ұстаздарды қажетті біліммен даярлайды. Қазірдің өзінде 5 мыңнан астам ұстаз өз еркімен 4-9 айлық тілдік курстарға жазылды. Сол уақыт аралығында олардың жұмыс орны мен еңбекақысы сақталады.

«Ал ұстаздардың дайындық деңгейін біз 2018 жылы бағалаймыз және сараптама нәтижесін Елбасыға баяндаймыз. Сондықтан дүрбелең жасауға ешқандай негіз жоқ. Қазақ тіліне ештеңе кедергі келтірмейді, керісінше, орыс тілді мектептерде мемлекеттік тілді оқытуды күшейту жоспарланып отыр. Қосымша екі пән – қазақ әдебиеті мен қазақ тариxы қазақ тілінде оқытылады. Бүгінде білім және ғылым министрлігі тілді оқытудың жеңілдетілген әдісін әзірлеп жатыр», - дейді Д.Назарбаева.

Дереккөз: BNews.kz

19 тамыз 2016, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.