Атырау, 12 мамыр 07:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Отандық банктер кибер шабуылдан сақтануда бір орталыққа бірігеді

1 599 просмотра

FinCERT орталығы Ресейде жұмыс істеп келе жатқанына жылдан асты. Бұл орталық банк саласындағы қылмыстарды бақылайды. Нақтырақ айтсақ қаржы саласына жасалған компьютерлік шабуылдарды мәлімдеп отырады. Бұл өзі қаржылық институттарды, құқық қорғау органдарын және Федералды қауіпсіздік қызметін қамтиды. Солармен бірге жұмыс істейді. Көрші мемлекетте жұмысын бастап, бір жыл сенімді қызмет көрсеткен орталықтың тәжірибесін ескерген еліміздегі банкирлер бізге де осындай орталық құратын кез жеткенін алға тартады – дейді BAQ.kz тілшісі.

forbes.kz порталының жазуына қарағанда Қазақстан банкирлері де мұндай орталықтың қажеттігін бір жылдың ішінде орын алған қаржылық қылмыстың статистикалық мәліметімен дәлелдейді. Банкирлердің алға тартқан айғақтарына мән берер болсақ, 2016 жылдың 2-жартысында онлайн-банкингтен ақша ұрлау үшін вирусты бағдарламалар жіберу фактісі 16 пайызға артқан. Осыны ескерген отандық банк жүйесі мұндай орталықтың қажеттігі уақыт талабы деген ұстанымда.

Қаржылық қылмыстың алдын алу үшін жоғарыда аталған орталықты құру туралы Халық банк – мұндай орталықты Ұлттық банктің өзі құру керек деген ұстанымда. Себебі, кез келген әрекетке заңды негіз керек, әрі құқық қорғау органымен тікелей байланыс орнату тиіс. Сонымен қатар, банк өкілінің айтуынша, екінші деңгейлі банктер кибер шабуыл жасалғанда шұғыл арада ақпараттық серіктестік орнатуды талап етуге құзырлы болғаны дұрыс.

«Сбербанк» тарапы да Халық банктің ұстанымен келіседі. Аталмыш банктің пайымдауынша, мұндай орталық мемлекеттің қарамағында болғаны абзал. Сонымен бірге, банк тарапы коммерциялық құпиясы бар ақпараттарды алаңсыз беру үшін мұндай орталық тікелей Ұлттық банктің аясында ғана жұмыс істеуі керек.

Дереккөз: baq.kz

18 тамыз 2016, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.