Атырау, 22 желтоқсан 06:42
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

ҚР СІМ Түркиядағы жарылыста жапа шеккен қазақстандықтардың бар-жоғын анықтауда

2 061 рет қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркияның Ван қаласындағы жарылыста жапа шеккен қазақстандықтардың бар-жоғын анықтауда. Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұрын хабарланғанындай, Түркияның шығысында орналасқан Ван қаласында полицейлер учаскесіндегі жарылыс кезінде үш адам қаза тауып, 120-дан астам адам жараланды.

Алдын ала деректер бойынша, жарылғыш зат автотұрақтағы көліктердің біріне қойылған.

Бұдан бұрын құқық қорғаушылар күдіктіні ұстағаны хабарланған. Жарылыстан кейін кінәлілерді жерден ғана емес, әуеден іздеу операциясы басталды.

Дереккөз: inform.kz

18 тамыз 2016, 15:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.