Атырау, 8 мамыр 00:22
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Билік: Астана жолдарын су басы мәселесі 3 жыл ішінде шешіледі

2 230 просмотра

Астанада нөсер кәріз жүйесімен байланысты мәселелер үш жыл ішінде шешіледі, деп хабарлады елорданың коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тимур Әбижанов.

АСТАНА, 18 там – Қазақстан жаңалықтары АА. Астанада нөсер кәріз жүйесімен байланысты мәселелер үш жыл ішінде шешіледі, деп хабарлады елорданың коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Тимур Әбижанов.

Жаз бойы толасыз жауған нөсер жауындардан бірнеше орталық көшелерді су басып, көліктердің қозғалысын қиындатты. Осындай күндердің бірінде қала әкімі Әсет Исекешев қала жолдарындағы келеңсіздіктер үшін кешірім сұрады. Оның айтуынша, қаланың қарқын дамуы нөсер кәріз жүйесін салудың алдына шықты. Сөйтіп ол қолайсыз күндері негізгі проблемаға айналды.

"Нөсер кәрізі бойынша біздің бағдарламамыз бар, жобаларды әзірлеу аяқталу үстінде. Ағымдағы жылы бізді бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Жүзеге асыруды жалғастыра береміз. Жалпы бағдарлама үш жылға арналған, нөсер кәрізіне қатысты барлық мәселелерді алып тастайтын боламыз", — деді Әбижанов.

Оның айтуынша, бұл бағдарламаға жаңа тазартқыш құрылғыларын, сорғы станциясын, коллекторларын салу кіреді.

Дереккөз: newskaz.kz

18 тамыз 2016, 15:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.