Атырау, 7 мамыр 21:27
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Эльмира Сыздықова Қазақстан қоржынына 12-ші медальді салды

2 430 просмотра

Әйелдер арасында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресетін қазақстандық спортшы Эльмира Сыздықова Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

24 жастағы Сыздықова қола медаль үшін таласта 27 жастағы мысырлық Энас Мостафамен белдесті. Бірінші кезеңде қазақ қызы төрт ұпай, ал қарсыласы бір ғана ұпай жинады. Екінші кезең 3:3 есебімен аяқталды. Белдесудің қорытынды есебі 7:4 болып, отандасымыз қола медальді қанжығасына байлады.

Айта кетейік, осыған дейін тағы бір қазақстандық спорты Жұлдыз Әшімова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін таласта қытайлық Сунь Янаннан жеңіліп қалған болатын.

Осылайша қарағандылық Эльмира Сыздықова Қазақстан қоржынына 12-ші медальді салып отыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

18 тамыз 2016, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.