Атырау, 12 қазан 09:26
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ақтөбе тұрғынын "Ресейде теракт жасауға шақырғаны" үшін соттап жатыр

1 831 просмотра

Ақтөбе сотында "Ресейде теракт жасауға шақырған" күдікті исламшылға қатысты сот өтіп жатыр. Ақтөбе қалалық сотының хабарлауынша, А.Х.Абдраевқа "терроризмді насихаттады немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақырды" деген айып тағылған,- деп хабарлады Азаттық.

Тергеу материалдары бойынша, Ақтөбе тұрғыны биыл наурызда екі танысының "дүниетанымы мен көзқарастарына ықпал ету үшін" "Ресейдің Сириядағы терроризмге қарсы операцияларына бірнеше рет наразылығын білдіріп, Ресейде теракт жасауға шақырған".

Соттың баспасөз қызметі Абдраев айыпты деп танылған жағдайда бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін дейді.

Дереккөз: Аzattyq.org

17 тамыз 2016, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.