Атырау, 12 мамыр 19:24
 ашықВ Атырау +13
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Г.Әбдіқалықова: Қазақстан мен АҚШ ықпалдастықтығына сайлау нәтижесі әсер етпейді

2 532 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 16 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Сара Сьюэллмен кездесті.

Айта кету керек, Гүлшара Әбдіқалықова мен Сара Стюэлл бұрыннан бекіген достық сезімдерін жасырмай, бір-бірін ыстық ықыласпен қарсы алды. Көтеріңкі көңіл күй кездесудің соңына дейін сақталды.

«Сьюэлл ханым, Астанаға қош келдіңіз, Сізбен қайта кездескеніме қуаныштымын. Мен Сізге Вашингтонда (биыл көктемде мемлекеттік іс-сапар кезінде - редакция) болған кездесу үшін ризашылығымды білдіремін. Меніңше, емен-жарқын әңгіме болды. Біз екі ел қарым-қатынасының маңызды мәселелерін көтердік», - деді Г.Әбдіқалықова.

Кездесу барысында ҚР мен АҚШ ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларының кең ауқымы талқыланды. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасулар өтті.

Мемлекеттік хатшы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Вашингтон Саммитінің барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Әлем. XXI ғасыр» манифесін жария еткенін атап өтті. Онда дүниежүзін ядролық қатерден құтқару, орнықты әлемнің географиясын кеңейту, әскери блоктарды жою және әлемдік дамудың принциптік жаңа парадигмаларын әзірлеудің нақты ұсыныстары баяндалған. Манифест БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжатына енгізілді.

«Биыл тамыз айында Семей ядролық полигонының жабылғанына 25 жыл толуына орай, «Ядролық қарусыз әлем» атты ірі халықаралық конференция өтеді. Біз Мемлекеттік департаменттен өкілдер келеді деп үміттенеміз. (...) Біз сондай-ақ Сіздердің экстремизмге, лаңкестікке қатысты алаңдаушылықтарыңызға қолдау жасап келеміз. Осы бағытта біз, әрине, жемісті жұмыс істеуге даярмыз», - деп атап өтті Г.Әбдіқалықова.

Г.Әбдіқалықова Қазақстан Орталық Азия елдері және АҚШ сыртқы саяси ведомстволарының басшылары деңгейіндегі «С5+1» форматындағы диалогты қуаттайтындығын атап өтті. Бұл бастама өңіріміздің жаһандық экономикалық үдерістерге ықпалдасу жолындағы Орталық Азия мемлекеттері және АҚШ арасында ынтымақтастықтың өзара тиімді дамуына жағдай жасауы тиіс.

Мемлекеттік хатшы Қазақстанда «Астана» халықаралық қаржы орталығы ашылатынын және қазақстандық тараптың америкалық инвестициялық қорлар мен корпорацияларды тартуға мүдделі екендігін атап өтті.

Гүлшара Әбдіқалықова Сара Сьюэллге БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне 2017-2018 жылдарға Қазақстан Республикасының кандидатурасын қолдағаны үшін ризашылық білдірді.

«Сіздер білесіздер, біз биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтудеміз. Осы жылдары біздің елдер арасындағы әріптестікке көп мән берілді. Әсіресе, Обама президенттігі тұсында біздің елдер арасындағы қарым-қатынастар күшейе түсті. Осы жылы Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өтті. Бізді қолдаған АҚШ-қа ризашылық білдіргім келеді. ...Қазір сіздерде президенттік сайлау қызған кез. Президенттік сайлауда кім жеңсе де, Қазақстан АҚШ-пен ықпалдастықты дамытуға әрдайым дайын», - дейді ол.

Дереккөз: Іnform.kz

16 тамыз 2016, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.