Атырау, 13 мамыр 14:48
 ашықВ Атырау +15
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Елордада «Әбу-Даби Плаза» жұмысшылары жауапкершілікке тартылды

1 979 просмотра

ФОТО: Астана ІІД ЖПҚ баспасөз қызметіАстана тұрғындары «Әбу-Даби Плаза» ғимаратын салып жатқан шетелдік жұмысшылардың үстінен учаскелік полицияға талай рет шағымданған. Оған жұмысшылардың қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, айналаны ластауы себеп болған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Жыл басынан бері Астана ІІД ЖБО 102 пультіне «Әбу-Даби Плаза» жұмысшыларының үстінен 42 шағым түсті. Бұған қоса, іргелес жатқан үйлердің тұрғындары шетелдік азаматтардың қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, сыра бөтелкелерін, құтылар мен темекі тұқылын шашып кететінін айтып, талай рет учаскелік полицияға шағымданған», - дейді елорда ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы Ләззат Бисембаева.

Оның айтуынша, жыл басынан бері 50-ден аса шетелдік ҚР ӘҚБК 440-бабы (ішімдік iшу), 505-бабы (абаттандыру ережелерін бұзу) және 441-бабы (тыйым салынған орындарда темекі тарту) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осыған байланысты Есіл ауданы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Әбу-Даби Плаза» жұмысшыларымен кездесті.

Дереккөз: BNews.kz

16 тамыз 2016, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.