Атырау, 13 мамыр 13:39
 ашықВ Атырау +15
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Қазақстандық ару Кариб аралдарындағы сұлулық байқауында үздік ондыққа кірді

2 520 просмотра

Павлодарлық 18 жастағы Әмина Қожанова Miss Regal International халықаралық байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетіп, ең сымбатты арулардың үздік ондығына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Финал 14 тамызда Кариб теңізінің Антигуа аралында өтті. Қазақстан бұл байқауға бірінші рет қатысып отыр.

Әмина Қожанова байқаудан кейін өзінің жаңа құрбылар мен түрлі мемлекеттердің салт-дәстүрімен танысқанын айтады. Дайындық кезінде қыздарды ұйымдастырушылар аралдың ішінде қыдыртыпты, сонымен қатар спорттық мәдени шаралар мен сол елдің дәстүрімен карнавал өткізген.

Miss Regal International байқауында Жаңа Зеландиялық Адель Крантц жеңімпаз атанған. "Бірінші вице-ару" титулын нигериялық Чизоба Эджике жеңсе, "екінші вице-ару" болып филиппиндік Трайси Дель Розарио танылған.

Әмина Қожанова 16 жасында "Павлодардың бірінші вице-аруы" титуылын жеңген. Соның арқасында ол 2014 жылы "Қазақстан аруы-2014" байқауында өз қаласының намысын қорғаған. Ол онда екінші орынға ие болған. "Қазақстан аруы" байқауының тәжін сол жылы Регина Вандышева жеңген болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz


16 тамыз 2016, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.