Атырау, 22 желтоқсан 08:12
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Ертең Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысы өтеді

2 662 рет қаралды

Ертең Астанадағы Ұлттық музей ғимаратында Жер реформасы жөніндегі қоғамдық комиссияның кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Айта кетейік, Жер комиссиясының соңғы отырысы Атырауда өткен болатын. Сол жерде экономикалық топтың жетекшісі Ақылбек Күрішбаев ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жалға беру бойынша комиссияның нақты ұсыныстарын жариялады. Ал жерді өз азаматтарымызға сату және шетелдіктерге жалға беру бойынша әлі нақты шешім әзірленген жоқ. Комиссия мүшелері алдымен барлық аймақты аралап шығуды көздейді. Соның негізінде аталған екі маңызды мәселе бойынша тиісті ұсыныстар даярланады.

Жақында Премьер-министр Кәрім Мәсімовті қабылдаған Президент Нұрсұлтан Назарбаев жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс нәтижесін ұсынуды тапсырды. Осы және басқа да мәселелер тамыздың соңында өтетін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде қаралмақ.

Дереккөз: BNews.kz

12 тамыз 2016, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.