Атырау, 12 мамыр 07:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

ҚазМұнайГаз, SINOOIL, Гелиос пен Газпромнефть сапасыз бензин сатып келген

1 927 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті сапасыз бензин сатып келген жанар-жағармай стансаларының тізімін жариялады. Онда елімізде кеңінен тараған ҚМГ, SINOOIL, Гелиос пен Газпромнефть стансалары да бар.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті еліміздің автомобильге жанармай құю станцияларында өткізілетін автомобиль бензинінің сапасына мониторинг жүргізу кезінде ТР КО 013/2011 Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына 27%-ның сәйкес келмейтіні анықтады.

Зертеулер нәтижелері бойынша ЖҚС-та мына өндірушілердің сапасыз бензин өткізілгені белгілі болды:

1) октандық саны бойынша: «Павлодарский НХЗ» ЖШС-ның - 13 сынамасында, «Атырау МӨЗ» ЖШС-ның - 8 сынамасында, «Петро Казахстан Ойл Продактс» ЖШС-ның - 7 сынамасында, «Газпром-Омский НПЗ» АҚ-ның - 5 сынамасында;
2) құрамындағы күкірт бойынша: «Газпром-Омский НПЗ» АҚ-ның - 7 сынамасында, «Башнефть»ААҚ-ның - 4 сынамасында, «ТАИФ-НК» ААҚ, «Орскнефтеоргсинтез»ААҚ, «Газпром нефтехим - Салават» АҚ- бір сынамадан;
3) бензолдың көлемдік үлесі бойынша: «Башнефть» ААҚ-ның - 3 сынамасында, «Атырау МӨЗ» ЖШС-ның - 2 сынамасында, «ТАИФ-НК» ААҚ-ның - 2 сынамасында және «Газпром-Омский НПЗ» АҚ, «Орскнефтеоргсинтез» ААҚ - бір сынамадан;
4) хош иісті көміртегінің көлемдік үлесі бойынша: «Орскнефтеоргсинтез» ААҚ-ның - 4 сынамасында, «ТАИФ-НК» ААҚ - 2 сынамасында және «Атырау МӨЗ» ЖШС-ның - бір сынамасында.

«ЖҚС-тағы бензиннің сәйкес келмеу факторларының бірі барлық маркадағы жоғары октанды бензинді төмен октанды бензинмен араластыратын сатушының қасақана іс-әрекеттері болып табылуы мүмкін. Сәйкес келмейтін бензин сатылған ЖҚС-тың тізбесі әкімшілік іс-шаралар аяқталғаннан кейін қосымша берілетін болады», - делінген хабарламада.

Дереккөз: Іnform.kz

12 тамыз 2016, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.