Атырау, 12 мамыр 11:16
 ашықВ Атырау +24
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Таиландтағы жарылыстардан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ

2 270 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландта орын алған бірқатар жойқын жарылыстардан қаза тапқандар мен жарақаттанғандар арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Оңтүстік провинцияларда, Пхукетте бірқатар жарылыстар болды, негізгі екі жарылыс Хуихин қаласында орын алды. Ол жерде көз жұмғандар мен жарақаттанғандар саны көп. Қазіргі уақытта жарылыстан қаза тапқандар мен жапа шеккендер қатарында қазақстандықтар жоқ», - деді министрліктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бүгін түнде Таиландтың оңтүстігінде орналасқан курорттық аймақтарда - Сурат Тхани қаласында, Пхукет аралы мен Хуахин елдімекенінде бірқатар жарылыстар орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бір адам қаза тапты, кем дегенде 5 адам жарақат алды. Қаза тапқан адамның азаматтығы туралы ақпарат әлі таратылған жоқ.

Қазіргі уақытта Таиланд билігі Хуахинде кеше кешке орын алған жарылыстан жарақаттанған он шетел азаматының тізімін жариялады.

Дереккөз: Іnform.kz

12 тамыз 2016, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.