Атырау, 11 мамыр 13:48
 ашықВ Атырау +16
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

БҚО-да журналистерді Мәсімовтің сапарынан хабар таратуға жібермеді

1 479 просмотра

ҰҚК департаменті қызметкері мен полиция қызметкерлері Кәрім Мәсімовтің сапары кезінде журналистердің тізімде бар-жоғын тексеріп тұр. Орал, 11 тамыз 2016 жыл. Фото: Аzattyq.org Бүгін таңертең премьер-министр Кәрім Мәсімов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Мәсімов ұшағы Орал әуежайына қонған соң Орал-Тасқала жолының жөнделу барысымен танысты,- деп хабарлады Азаттық.

Азаттық тілшісі Санат Орынәливті Оралдағы Мәсімов барған жерлерге жібермеді. Санат Орынәлиев пен жергілікті "Уральская неделья" басылымының тілшісі Рауль Упоров жолға жақындай бергенде оларға азаматтық киім киген адам өзін Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің қызметкері Әділет Ғабдрақымов деп таныстырып, екі журналистің аккердитация берілген БАҚ өкілдері тізімінде жоғын айтты.

Өзін облыстық ішкі істер департаментінің майоры Құспаев деп таныстырған полицей журналистерді премьер-министрдің кортежін суретке немесе видеоға түсіруге әрекеттенген жағдайда "күзет қызметі ескертусіз атуы мүмкін" екенін ескертті.

Кеше Батыс Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі Азаттық журналисіне өзінің және жергілікті тағы төрт журналистің "ҰҚК-нің арнайы тексеруінен өтпегенін" және Кәрім Мәсімовтің Оралға сапары барысындағы іс-шаралардан хабар таратуға жіберілмейтінін хабарлаған.

Жоспар бойынша Кәрім Мәсімов бүгін Оралда жолдарды жөндеу мен азық-түлік өнеркәсібі мәселелеріне қатысты бірнеше жиналыс өткізбек. Премьердің сапары қоғам өкілдерімен кездесумен аяқталмақ.

Кәрім Мәсімов 5 тамыздан бері Қазақстанның облыстарына сапарлап жүр.

Дереккөз: Аzattyq.org

11 тамыз 2016, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.