Атырау, 24 сәуір 03:15
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Жезқазғанда автобус пен тепловоз соғысты: 17 адам ауруханаға жеткізілді

2 402 просмотра

Фото: FacebookЖезқазғанда автобус пен тепловоз соғысып қалды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар реттелмейтін теміржол өткелінде соғысқан. Жол апатының салдарынан 17 адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген. Полициядағылар жол апатына кімнің кінәлі екенін нақтыламады, бірақ тергеу басталып, барлық қажетті сараптаманың тағайындалғанын айтты.

"Автобус пен тепловоздың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 3-45-бабының 1-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды, соталды тергеу жүріп жатыр", - деді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, бұл баптың жазасы: белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу.

Дереккөз: Тengrinews.kz


11 тамыз 2016, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.