Атырау, 22 желтоқсан 08:12
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Назарбаев Рахимов пен Баландинді Риода алтын медаль алуымен құттықтады

2 694 рет қаралды

Фото: Tengrinews.kzҚазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауыратлет Нижат Рахимов пен жүзуші Дмитрий Баландинды Риодағы Олимпиада ойындарындағы бірінші алтын медальдарымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстандықтар сенің өнеріңді зор қызығушылықпен және үлкен үмітпен тамашалады. Сен олардың үмітін толық ақтадың. Жоғары спорттық шеберлігің, жанкештілігің мен асқан ерік-жігерің саған қиын күресте мықты қарсыластарды жеңіп шығып, Қазақстанның олимпиадалық командасына алғашқы алтын медальді әперуге көмектесті. Сенің жеңісің елдің жас спортшылары үшін лайықты үлгі болары анық", - делінген Рахимовқа жолданған жеделхатта.

"Сенің жарқын жеңісің қазақстандықтарға зор қуаныш сыйлады. Даңқты қарсыластармен жанкешті және қиын сайыста жеңіп алған алтын медаль - сенің жоғары шеберлігіңнің, мақсатқа талпынуыңның, ерік күшің мен қайрат-жігеріңнің көрсеткіші. Сенің теңдессіз табысың Қазақстан спортының шежіресінде мәңгілік қалады", - деп құттықтады Мемлекет басшысы Банландинді.

Еске салайық, Нижат Рахимов екі жаттығудың қорытындысы бойынша 379 келі нәтижемен Олимпиада чемпионы атанды. Ал серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты. Ал Баландин 2:07.46 уақыт нәтижесімен финалда сенсация жасап, Қазақстан тарихында жүзу спортынан тұңғыш рет Олимпиада чемпионы атанып отыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz

11 тамыз 2016, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.