Атырау, 22 желтоқсан 08:12
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

"Астана ЭКСПО-2017": Көрме зейнетақы қаржысына мұқтаж емес

2 182 рет қаралды

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) қаржысы ЭКСПО-ның құрылыс нысандарына жұмсалады деген ақпаратты терістеді. Бұл туралы бүгін Азаттыққа компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

9 тамызда "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі Қазақстан даму банкі БЖЗҚ-ның 15 миллиард теңге қаржысын "ЭКСПО құрылысы нысандарына бөлетінін" хабарлаған.

"Таратылған мәлімет шындыққа сай жанаспайды... ЭКСПО аумағы 174 гектарды алып жатыр. Оның ішінде ЭКСПО нысандары 25 гектарда орналасқан. Қалған территорияда мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке қаржысына салынып жатқан инвестициялық нысандар орналасқан" делінген ақпаратта.

Компания сонымен қатар көрме зейнетақы қорының қаражатына мұқтаж дегенді де жоққа шығарды.

Компания қазір "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің "жалған ақпарат таратуына" қатысты мәселенің заңды салдары қарастырылып жатқанын айтады.

Дерерккөз: Аzattyq.org

10 тамыз 2016, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.