Атырау, 12 қазан 07:19
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Халықтың зейнетақы қорындағы жинақтары «ЭКСПО-2017» көрмесіне арнап ойын-сауық насандарын салуға жұмсалмақ

1 722 просмотра

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан» тартылған 15 млрд теңгені «Қазақстанның даму банкі» «ЭКСПО-2017» аумағындағы нысандар құрылысына жұмсайды, - деп хабарлайды Qamshy.kz «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Ақпаратта «Қазақстанның даму банкі» КАSЕ қорына облигациялар орналастыру арқылы шілде-тамыз айларында «Біртұтас жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-нан 117,5 млрд теңге алды. Оның 15 миллиарды Астанада «ЭКСПО-2017» нысандары құрылысына, 17,5 млрд теңге отандық өндірісті «Қазақстан даму банкі-Лизинг» АҚ арқылы лизингтік қаржыландыруға жұмсалады. Қалған қаржы 2016-17 жылдары экономикалық өсімді ынталандыру мен халықты жұмыспен қамту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға жеке кәсіпкерлік нысандарын қаржыландыруға жұмсалмақ», - делінген.

Ал, «Астана-ЭКСПО-2017» компаниясының өкілі зейнетақы қорының қаржысы тартылатын нысандар көрме павильондары еместігін айтады. Сондай-ақ бұл нысандар 174 га аумақтың небәрі 25 гектарын ғана алып жатыр екен. Яғни қаржы халықаралық көрме кешені аумағындағы өзге ғимараттар құрылысына жұмсалмақ.

Сергей Куянов, «ЭКСПО-2017» ҰК бұқарамен байланыс департаментінің директоры:

- Бұл тұрғын үйлер - «Мега» сауда ойын-сауық орталығы және басқа да бірқатар нысандар. ЭКСПО аумағында орналасқанымен, олар инвестициялық нысандар болып табылады. Біздің компанияға қатысы жоқ. Бұл ақшаны компанияға инвесторлар салды.

Зейнетақы қорының қаржысын «Қазақстанның даму банкі» қашан және қандай өсіммен қайтарады? Оған қоса қаражат қай компанияларға қанша пайызбен қарызға беріледі? Осы сұрақтарға жауап алуға банкке хабарластық. Қаржы ұйымының баспасөз қызметі жақында толық мәлімет беріледі деп сендірді.

Дерерккөз: Qamshy.kz

10 тамыз 2016, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.