Атырау, 7 мамыр 02:32
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Ақсайда газ құю стансасындағы жарылыстан зардап шеккен екінші адам қайтыс болды - БҚО

2 319 просмотра

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақсай қаласындағы газ құю стансасында болған жарылыстан зардап шеккен, денесін 95 пайыз күйік шалған 1957 жылғы тұрғын кеше түнгі сағат 22.00-де Бөрлі аудандық орталық ауруханасында қайтыс болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмек көрсету бөлімінің бас маманы Ғалия Құлмұханованың айтуынша, жарақат аса ауыр болғандықтан, оның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік қалмады. Бұдан бұрын денесін 75 пайыз күйік шалған 1958 жылғы тұрғын да көз жұмған болатын.

Айта кетейік, 4 тамыз күні Ақсай қаласындағы газ құю стансасында жарылыс болып, өрттен екі ер адам зардап шеккен еді.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған дерек бойынша ҚР ҚК 156-бабы 2-бөлігі бойынша Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Дереккөз: Іnform.kz

10 тамыз 2016, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.