Атырау, 6 мамыр 20:34
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Ата-анасын ұятқа қалдырмас үшін оқушы өз-өзіне қол жұмсаған

2 695 просмотра

Фото: vdvgazeta.ruАқмола облыстық құқық қорғау органдары өзінің ешқандай оқуға түсе алмайтынын білген 17 жасар оқушының өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болғанын мәлімдеді – дейді BAQ.kz тілшісі.

Хабарламады 8 тамыз күні Ақмола облысы Степняк қаласының жедел жәрдем қызметіне Еңбекшілер ауданының кезекші бөлімінен 11-сынып оқушысының өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат келгені айтылады.

1999 жылы дүниеге келген жасөспірім өз үйінің шатырында асылып қалған. Оқыс оқиғаның неден болғанын, жасөспірімнің не себепті мұндай әрекетке барғанын тексерген құқық қорғау орындары оқушының өлер алдында анасына қалдырған хатын тапты.

Онда: «Ана, кешір мені. Мен сендерді ұятқа қалдырғым келмейді. Мен ешқандай оқу орнына түсе алмаймын»,-деп жазылған.

Ата-анасын ұятқа қалдырғысы келмеген оқушының намысы, өкінішке қарай, ата-анасын орны толмас қайғыға қалдырарын жас жеткіншек бағамдай алмаған секілді. Оқуға түсе алмағаны үшін өз-өзіне қол жұмсау – ең оңай жол емес екенін айтқымыз келеді. Әрине, кімнің болса да тең құрбысынан қалмай қалаған оқуына түсіп кеткені барлығы үшін қуаныш. Дегенмен оқудан да маңызды құндылықтар барын ұмытпаған абзал.

Дереккөз: Baq.kz

10 тамыз 2016, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.