Атырау, 12 қазан 07:18
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстанда 2016 жылғы мемлекеттік білім гранттарының иегерлерінің тізімі белгілі болды

3 104 просмотра

Астана. 10 тамыз. ҚазТАГ – Білім гранттарын бөлу жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның ҚР ЖОО-ларында оқуға 2016 жылғы гранттарды беру бойынша отырысының қорытындысын шығарды.

Комиссияға мемлекеттік органдар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және ЖОО ректорлары мүшелік етті.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің төрағалығымен өтетін комиссия отырысында еліміздің ЖОО-на қабылдау жөніндегі жұмыс қорытындыланды.

Ерлан Сағадиев комиссияның өз жұмысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму басымдылықтарына – ең алдымен Елбасының бастамасымен жүргізіліп жатқан Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы, сондай-ақ, еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің даму мақсаттарын іске асыру қажеттіліктеріне назар аударғандығын атап өтті.

Аталған басымдылықтар ескеріле отырып, 12 593 грант техникалық және технологиялық мамандықтарға, 5 000-ға жуық грант – педагогикалық, 2 690грант – ауыл шаруашылығы және ветеринария мамандықтарына, 3000 грант – медициналық мамандықтарға бөлініп отыр.

Биыл 31 702 грант бөлініп отыр, оның ішінде 2 950 грант – ЖОО дайындық бөлімдерінде оқуға, 28 752 грант – ЖОО-ның 1 курстарында оқуға (күндізгі оқу бөлімдеріне – 28 452, сырттай оқу бөлімдеріне – 300 грант).

Конкурстық негізде мемлекеттік тапсырыс берілетін ЖОО-дар тізімі анықталды. Оқу гранттары 87 ЖОО-на бөлініп отыр.

Оқу гранттарын алу конкурсына 59677 адам қатысып отыр. Олардың 47342 – қазақ тілінде, 12335 – орыс тілінде оқиды.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасы аясындағы квота бойынша өткізілген конкурсқа 9797 адам қатысып отыр.

Олардың ішінде:

2208 «Алтын белгі» иегерлері;

303 колледж түлектері;

169 халықаралық және республикалық олимпиадаларының жеңімпаздары;

854 халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары;

948 халықаралық және республикалық спорттық жарыстардың жеңімпаздары;

9 Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары.

Олар грантты алуда басымдылыққа ие.

Сонымен қатар конкурсқа 492 жетім бала, 363 I және II топ мүгедектері, 37 соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер санатындағы абитуриент, 1053 ҚР азаматтығы жоқ қазақ ұлты өкілдері қатысады. Бұл адамдарға квоталар белгіленіп отыр.

Грант иелерінің тізімімен мына жерден танысуға болады

Бұл ретте БҒМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда «Алтын белгі» алғандардың барлығы бірдей мемлекеттік грантпен қазақстандық ЖОО-ларда тегін оқи алмайды.

Ведомство сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, білім беру гранттарын беру жөніндегі республикалық конкурстық комиссиясы жұмысының алдын ала қорытындылары бойынша «Алтын белгі» медаль иегерлерінің біршама санының мемлекеттік грант есебінен білім ала алмайтындықтары белгілі болды

Биыл 2059 «Алтын белгі» иегері оқуын еліміздің ЖОО-да жалғастыруға ниет білдірді. Алайда, олардың дені бәсекелестік деңгейі жоғары қаржы-экономикалық немесе әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы мамандықтарды таңдап алып отыр. Көпшілік елімізде соңғы жылдары ндустриялық-инновациялық даму басымдықтарына көп көңіл бөлініп жатқанын ескермей келеді. Биыл да мемлекеттік гранттардың көп бөлігі аталған басымдықтарды жүзеге асыруды көздеп, еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағытталып отыр.

ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындардың басшылығымен бірлесіп, мемлекеттік гранттарды ала алмай қалған «Алтын белгі» иегерлерінің істерін жеке-жеке қарастырып, олардың ЖОО қаражаты есебінен білім алу мүмкіндігін қарастырмақ.

Дереккөз: ҚазТАГ

10 тамыз 2016, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.