Атырау, 7 мамыр 07:09
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Проблемалық қарыз алушылардың үштен екісі кредиторлардан қашып жүр - ҚР Ұлттық банкі

1 768 просмотра

Мерзімінде несиені төлемеген қазақстандықтардың үштен екісі (64,1 пайыз) несие берушілерден қашып жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай мәліметті ҚР Ұлттық банкінің қаржы нарығындағы әдістер департаментінің директоры Нұрлан Әбдрахманов "Жинақтаушы әрекет туралы" заңнамасына болжамды толықтыруларды талқылау кезінде мәлімдеді.

Қарыз алушылардың ішінде 90 күннен аса уақыт бойы қарызын төлемегендердің саны - 1 миллион 40 мың. Тұтынушылық кредит алғандардың саны - 661 мың 778 адам. "Бұл шамамен қарызын төлемей жүрген адамдардың 66 пайызын құрайды, - деді Әбдрахманов.

"Жалпы проблемалық қарыз алушылардың 64,1 пайызы төлеуден қашып жүр, ал несиесін өз уақытында төлеп жүргендер 23,2 пайызды құрайды. Коллектордың басты мақсаты - осы қарыз алушыларды тауып, олармен хабарласып, қарым-қатынаста болып, несиесін төлету", - дейді ҚР Ұлттық банк өкілі. ҰБ өкілінің мәліметі бойынша, қазіргі кезде 205 коллекторлық ұйым бар, оның ішінде 59 компания 17 банкпен бірлесе жұмыс істейді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

9 тамыз 2016, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.