Атырау, 5 мамыр 11:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Елімізде дизель отыны қымбаттап кетті

1 927 просмотра

Кешелі бері еліміздің кейбір аймақтарында жағармай бағасы көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты "Хабар" телеарнасына сілтеме жасап.

Осыған дейін жағармайдың шекті құнын мемлекет белгілеуді доғарғаны хабарланған еді. Сала мамандары бұған бірнеше себеп бар деп отыр екен. Тілшілердің мәліметінше, мамандар әуелі бұл - еліміздегі дизель отынын көрші мемлекеттер көптеп сатып алмас үшін қолға алынған шара болып отыр.

"Сарапшылардың айтуынша, егер отандық жағармай сыртқа шамадан тыс шығарылса, ішкі нарықта дефицит пайда болады", - деп хабарлады телеарна.

Ал "Астана" телеарнасының мәліметінше, Энергетика министрлігі жанар-жағармай түрінің бағасы 115 теңге шамасында болады деген еді. Қазір баға әр аймақта әртүрлі. Мәселен, Шымкент пен Алматыда баға 107-108 теңгеден. Астанада кей бекеттерде баға көтерілмеген, 99 теңгеден сатылса, енді бірінде 108 теңгеден саудаланып жатыр. Ең қымбат дизель Оралда, 125 теңгеге жетіп рекорд орнатты. Қазір қаладағы жанармай құю бекеттерінде дизельдің ең арзаны 108 теңгеден сатылып жатыр. Мұны сала мамандары отынның осы түріне сұраныстың артқанығымен түсіндіреді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

9 тамыз 2016, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.