Атырау, 5 мамыр 11:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Фархад Харки Қазақстан қоржынына екінші қола медальды салды

1 922 просмотра

Фото: inform.kzБүгін ауыр атлетикадан 62 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен Фархад Харки Қазақстан қоржынына екінші қола медальды салды,- деп хабарлады ҚазАқпарат.

Фархад жұлқа көтеру сайысын үшінші болып аяқтаған болатын. Ол алдымен 135 келіні төбесінен асыра көтерсе, екінші, үшінші мүмкіндігінде 140 келіге екі рет тапсырыс берді. Өкінішке қарай бұл салмақ атлетімізге бағынбады. Нәтижесінде 135 келімен жұлқа көтеру сайысын үшінші болып аяқтады.

Ал серпе көтеруде жерлесіміз 170 келіні бағындыра білді. Сонымен қоссайыстың қорытынды бойынша (305 келі) үздік үштікке ілініп, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Осылайша, Рио Олимпиадасының үшінші күні Қазақстан құрамасына үшінші жүлде түсті.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін дзюдошы Елдос Сметов күміс, Галбадрах Отгонцэцег қола медаль еншілеген еді. Ал ауыр атлеттерімізден жарыстың алғашқы күні Маргарита Елисеева бесінші орын, кеше Арли Чонтей төртінші орынға табан тіреген болатын.

Дереккөз: Іnform.kz

9 тамыз 2016, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.