Атырау, 5 мамыр 12:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қазақстандық үш боксшы олимпиаданың 1/4 финалына шықты

2 239 просмотра

Фото: ReutersРио олимпиадасына қатысып жатқан қазақстандық боксшылардың үшеуі ширек финалға шықты,- деп хабарлады Азаттық.

49 килограмда Біржан Жақыпов намибиялық Матиас Хамуньеланы 3:0 есебімен жеңді. Енді ол ширек финалда өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен кездеседі.

75 килограмда Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық Энтони Фоулерден басым түсті. Үш төреші де жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

91 килограмда Василий Левит 21 жастағы қытайлық қарсыласы Ю Фенкайды жеңді. Кездесудің екінші раундында Қытай бапкерлері кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Алдағы күндері рингке Қайрат Ералиев, Абылайхан Жүсіпов, Олжас Сәттібаев, Данияр Елеусінов және Иван Дычко шығады.

Осыған дейін 60 килограмда бокстасқан Берік Әбдірахманов бірінші айналымда Карлос Вальдерастан (АҚШ) жеңіліп, жарысты аяқтаған.

Дереккөз: Аzattyq.org

9 тамыз 2016, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.