Атырау, 5 мамыр 04:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Алматыда Қазақстанның Үндістандағы экс-елшісіне қатысты сот үкімі шықты

1 861 просмотра

Алматының Алмалы аудандық сотында Қазақстанның Үндістандағы бұрынғы елшісіне қатысты сот үкімі шықты. Рашид Рахимбеков ҚР ҚК 394-бабы 2-тармағы «Қызметтік өкілеттігін пайдаланып заңсыз миграция ұйымдастыру» бойынша 1,6 жылға бас бостандығын шектеу және моральдық залал түрінде 26 млн теңге төлеу жазасына кесілді, деп хабарлайды BNews.kz.

Жаза мерзімі бойы Рахимбеков пробациялық бақылауда болады және тиісті қызметке хабар бермей тұрғылықты жерін ауыстыра алмайды.

Алмалы аудандық сотының судьясы Марал Жарылғапова прокурордың 30 849 451 теңге өндіріп алу туралы азаматтық талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Енді мемлекетке шығын келтіргені үшін экс-елші қазынаға 26 787 551 теңге төлейтін болады.

Алайда жәбірленуші мен оның қорғаушысы сот үкімімен келіспей отыр, сондықтан үкімге шағым түсірмек.

«Біз тағылып отырған айыппен келіспейміз. Рахимбековтің еш кінәсі жоқ, ол оңды-солды виза таратумен айналысқан жоқ. Қанша адам виза сұраса, соншасына ғана берді. Үкімге шағым түсіреміз. Менің қорғауымдағы азаматтан өндіргелі тұрған сома да өте қомақты», - дейді бұрынғы елшінің адвокаты Бибігүл Асқарбекова.

Естеріңізге салып өтсек, Рашид Рахимбеков 2010 мен 2013 жылдар аралығында Қазақстанның Үндістандағы елшілігінде консул болып қызмет атқарды. Зейнетке шықаннан кейін оған «қызметтік өкілеттілікті пайдаланып заңсыз миграция ұйымдастырды» деген айып тағылып, үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Дереккөз: BNews.kz

8 тамыз 2016, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.