Атырау, 22 желтоқсан 09:34
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Рио Олимпиадасы: Бүгін қазақстандық бірнеше боксшы алғашқы жекпе-жектерін өткізеді

2 382 рет қаралды

Image 0Үшінші жарыс күні үш салмақ категориясында үш бірдей қазақстандық боксшы жұдырықтасады. Риодағы бірінші жекпе-жегін Біржан Жақыпов, Жәнібек Әлімханұлы және Василий Левит өткізеді. Медаль үшін қазақстандық зілтемірші Фархд Харки таласады. Ол 62 келіге дейінгі категорияда өнер көрсетеді,- деп хабарлады Tengrinews.kz.

8 тамыз күнгі ойындар кестесі:

Ату. Ерлер. Пневматикалық винтовка. Іріктеу кезеңі
Юрий Юрков.
Басталуы 18.00-де.

Садақ ату. Ерлер, әйелдер. 1/32 финал.
Сұлтан Түзелбаев, Луиза Сайдиева
Басталуы 18.00-де.

Академиялық ескек есу. Ерлер, әйелдер.
Владислав Яковлев пен Светлана Германович
Басталуы 18.30-да.

Дзюдо. Ерлер. 73 келіге дейін.
Дидар Хамза.
Іріктеу және 1/4 финал 19.00-де басталады. Репешаж, жартылай финал, үшінші орынға талас матчтары және финал 00.30-да басталады. Тікелей эфир 18.50-да. (КazSport)

Слалом есу. Бір адамдық байдарка. Әйелдер.
Екатерина Смирнова
Басталуы - 22.10.

Бокс. Ерлер. 49 келіге дейінгі.
Біржан Жақыпов.
Спортшы рингке 02.00-де шығады.

Бокс. Ерлер. 75 келіге дейінгі.
Жәнібек Әлімханұлы.
Спортшы рингке 3.30-да көтеріледі.

Бокс. Ерлер. 91 келіге дейінгі.
Василий Левит.
Спортшы рингке 04.00-де көтеріледі.

Ауыр атлетика. Ерлер. 62 келіге дейінгі.
Фархад Харки.
Басталуы 04.00-де. Тікелей эфир 03.55-те. ("Қазақстан")

Дереккөз: Tengrinews.kz




8 тамыз 2016, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.