Атырау, 10 мамыр 18:29
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Еліміздің мергендері халықаралық байқауда бірінші орынды иеленді

2 265 просмотра

Фото: BNews.kzФото: BNews.kzФото: BNews.kzФото: BNews.kzФото: BNews.kzФото: BNews.kz

Отарда «Мерген шебі» халықаралық байқауының алғашқы кезеңі қорытындыланды. Жалпы командалық есепте Қазақстан командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Беларусь, үшінші орынды Ресейдің командасы еншіледі, деп хабарлайды BNews.kz.

Жеке сынақта Беларусь өкілі көш бастап келеді. Екінші және үшінші орындарда – мергендеріміз кіші сержант Нұрсұлтан Бақтыораз бен 3-сыныпты сержант Дмитрий Охотников. Сайыстың бірінші кезеңі аяқталысымен «Мерген шебі» додасымен төрт команда, яғни, Үндістан, Грекия, Зимбабве және Армения қош айтысты. Олар үшін жарыс аяқталды. Сегіз команда – Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Беларусь, Қытай, Венесуэла, Ресей және Иран екінші кезеңге қадам басты.

Бірінші кезең күрделі сынақтарымен қатысушылардың есінде қалды. Тапсырмалар дене төзімділігі мен дәлдікті, орындаудағы жоғары нақтылық пен ептілікті қажет етті. Жалпы алғанда, бір кезеңде мергендер бес жаттығуды орындады. Күрделілердің бірі «Мерген биатлоны» болды. Қатысушыларға биіктігі 2 метрлік кедергілерді, орларды, сымды бөгеттерді, динамикалық қабырға мен автомобиль дөңгелектерінен жасалған үйінділерді бұзып өтуге, Макаров тапаншасы мен мерген винтовкасынан оқ атуға, гранаталар лақтыруға тура келді.

«Өзге командаларды, олардың жұмыс жасағанын бақылаған қызықты. Қазақстандық команданың атынан өнер көрсетіп, оны халықаралық деңгейде паш ету үлкен абырой», – деп атап өтті мерген кіші сержант Нұрсұлтан Бақтыораз.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Мерген шебі» байқауы 9 тамызға дейін жалғасады. Отар полигонында өтіп жатқан қызу бәсекелі тартысты барлық ниет білдіргендер тамашалай алады. Күн сайын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің mod.gov.kz ресми сайтында ойындардың тікелей көрсетілімі жүргізілуде.

Дереккөз: BNews.kz

5 тамыз 2016, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.