Атырау, 10 мамыр 06:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 4 теңгеге нығайды

2 432 просмотра

Ұллтық валютаның долларға қатысты бағамы таңертеңгілік сессия қорытындысы бойынша 348,92 теңгені құрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бір күн бұрын сауда 352,13 теңгемен аяқталған болатын.

Сауда көлемі 51,2 миллион долларды құрады. Доллар 348-ден 349,12 теңгеге дейін саудаланды. Ал Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 43,88 доллар болды.

Еске салайық, жақында Алматыда өткен баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр жаңа девальвация туралы қауесетке қатысты пікір білдірген болатын. "Қазіргі уақытта теңгенің бағасы еліміздегі сыртқы және ішкі жағдайларға жауап ретінде өзгеріп отыр. Ақша-кредит саясатында да теңгерімсіздік байқалмайды. Айырбас бағамы айтарлықтай өзгереді деп айтуға ешқандай негіз жоқ", - деді Ұлттық банктің төрағасы.

Ал осыған дейін Ұлттық банк төрағасы Назарбаевқа теңгенің әлсіреу себебін айтып берген болатын. Кездесу барысында Данияр Ақышев Елбасына Ұлттық банктің ағымдағы қызметі, ақша-несие саясатының басты бағыттары туралы, сонымен қатар елдің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

5 тамыз 2016, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.