Атырау, 10 мамыр 20:29
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Түркіменстан Қазақстанмен шекарасын уақытша жапты

1 806 просмотра

Фото: Аzattyq.org Түркіменстан Қазақстанмен шекарада қауіпсіздік шараларын күшейтуге байланысты шекарасын уақытша жапты. Маңғыстау облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің хабарлауынша, 4-8 тамыз аралығында Түркіменстанға жеңілдетілген тәртіппен баратын шетелдіктер үшін шекара жабылады,- деп хабарлады Азаттық.

Түркіменстан өткен айда Қазақстанда террористік қауіп-қатердің "сары" деңгейі ұзартылған соң және 18 шілдеде Алматыда болған шабуылдан кейін елге жеңілдетілген тәртіппен келетін шетелдіктер үшін шекарасын бес күнге жапқан.

Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы келісім бойынша, Маңғыстау облысында тұрақты тұратын азаматтар Түркіменстанның Балкан уәлаяты аумағына бес күнге дейін визасыз кіріп, жүріп-тұра алады. Бес күннен асса виза талап етіледі.

Дереккөз: Аzattyq.org

5 тамыз 2016, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.