Атырау, 12 қаңтар 11:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Астанада антитеррорлық оқу-жаттығулар өтіп жатыр

2 147 рет қаралды

Фото: youtube.comБүгін Астанада антитеррорлық оқу-жаттығулар өтіп жатыр. Бұл туралы елорданың терроризммен күрес жөніндегі жедел штабынан мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«Елорда қонақтары мен тұрғындарынан сабырлық сақтап, дүрлікпеуді өтінеміз», - делінген Астана ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бүгін Астанада Күмісбеков 5А көшесінде, бұрынғы жұқпалы аурулар ауруханасының аумағында террорлық актінің жолын кесу мен оның салдарын жою бойынша антитеррорлық оқу-жаттығулар өтіп жатыр.

Шараның мақсаты – елордалық терроризмен күрес жөніндегі жедел штабтың күштері мен құрал-жабдығының дайындығын тексеру.

Оқу-жаттығу түрлі күрделі элементтер қолданылып, жауынгерлік іс-қимылдарға барынша жақын жағдайда өтеді.

Дереккөз: BNews.kz

5 тамыз 2016, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.