Атырау, 23 желтоқсан 00:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Астанада банк тонаған ер адам жарылғыш затпен қорқытқан

2 685 рет қаралды

Фото: Каспий банктің баспасөз қызметіKaspi bank Астанадағы бөлімшеге жасалған қарақшылық шабуыл жайында пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Банктің баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, 4 тамызда Астанадағы Kaspi bank бөлімшесіне медициналық бетперде таққан ер адам кіріп келген. Ол жейдесінің ішінде тұрған жарылғыш затты іске қосамын деп қорқытып, ақша талап еткен.

"Кассир әріптестері мен клиенттердің өмірін қатерге байламау үшін оған ақша беріп, дабыл белгісін қосу туралы дұрыс шешім жасады. Осының арқасында банкке келген клиенттер де, қызметкерлер де зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады банктегілер.

Алдын ала мәлімет бойынша, шығын көлемі - 130 мың теңге және 80 АҚШ доллары. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Дереккөз: Tengrinews.kz




5 тамыз 2016, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.