Атырау, 10 мамыр 22:53
 ашықВ Атырау +17
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қазақстан Ресейден ірі қара малын әкелуге уақытша шектеулер енгізді

2 394 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Ямал-Ненец округі аумағында сібір жарасының таралуы тіркелген. Бүгінгі күнге, Ресей Федерациясының бұқаралық ақпараттар құралдары аталған округте 2,3 мыңнан астам жануар қырылғанын және карантин енгізілгені туралы хабарлады.

Осы індетке байланысты адамдарда «түйнеме» ауруы тіркеліп, 90-ға жуық адам ауруханаға жатқызылды. 20 азаматта «түйнеме» диагнозы ресми түрде расталды. Оған қоса, 12 жасар жасөспірімнің осы аурудан көз жұмғаны мәлім болды.

Осыған орай, 3 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясынан ауыл шаруашылық жануарларын, жабайы жануарларды, осы жануарлардан алынған генетикалық материалдарды, шикізаты мен өнімдерін, мүйіз-тұяқ шикізатын (мүйіз, бұғы мүйізі, тұяқ), былғары шикізатын (жылқы, бұғы және жабайы жануарлар терісі) кіргізуге уақытша шектеулер енгізді, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, Ресей Федерациясының аумағында (Астрахан облысы, Краснодар өлкесі, Ставрополь өлкесі, Қалмақ Республикасы, Ингуш Республикасы және Дағыстан Республикасы) нодулярлы дерматит ошақтарының тіркелуіне байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2016 жылғы 4 тамыздан бастап Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мүйізді ірі қара мал мен нодулярлы дерматитіне бейім басқа да жануарларды, олардан алынған генетикалық материалдарды, мпал өнімдерін, сойылған мүйізді ірі қара малынан және басқа да нодулярлы дерматитіне бейім жануарларынан алынған өңделмеген тері шикізатын, ірі қара мал және басқа да нодулярлы дерматитіне бейім жануарларын асырау мен тасымалдауға арналған қолданыстағы болған құрал-жабдығын кіргізуге және Қазақстан Республикасы аумағы бойынша транзитіне уақытша шектеулер енгізеді.

Дереккөз: Іnform.kz

4 тамыз 2016, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.