Атырау, 13 мамыр 07:31
 бұлттыВ Атырау +14
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Алматыда 18 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

2 823 просмотра

Фото: ako_yermanovaАлматыда 18 жастағы бойжеткен жоғалып кетті. 1 тамыз күні кешке таман үйінен шығып кеткен Жұлдыз Ерманова сол күйі оралмаған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Қазір қызды іздеуге полицейлер мен еріктілер тартылды.

«Жұлдыз Ерманованың отбасы Арбат ауданында тұрады. 1 тамыз күні бойжеткен кешкі алтыларға қарай серуендеп келуге сыртқа шыққан. Ұялы телефоны мен үйдің кілтін тастап кетіпті. Сүйіктісі жоқ, достары да аз болатын. Полицейлер қыздың таныстарын бірін қалдырмай тексеріп шықты. Жоғалған күні Жұлдыздың үстінде қара топ пен джинс бриджи болған. Өзімен бірге күлгін түсті рюкзагын алып кеткен. Шашы ұзын, көзілдірік тағады. Қыздың әкесі күнімен АІІБ-да, ал анасы терезенің алдына отырған күйі сыртқа телміріп, Жұлдызды күтеді», - дейді Ермановтар отбасының досы Юлия.

Оның айтуынша, полицейлер қыздың апасымен бірге Жұлдыздың жиі баратын сүйікті орындарын тексеріп жүр.

«Сыртқы бақылау камералары тексерілуде. Жұлдыз «Меломан» кітап дүкеніне жиі баратын. Өкінішке қарай, дүкендегі камералардан ештеңе шықпады, қызды көрген-білген жан жоқ. Мектепті биыл тәмамдады, жоғары оқу орнына түсуді ойлап жүрген. Сәуір айында 18 жасқа толды», - деп толықтырды Юлия.

Бұған қоса, жоғалған қыздың апасы инстаграмдағы парақшасында үндеу жариялады.

«Аман-есен қайтарыңыздаршы. Қылмыстық іс қозғамас үшін қолдан келгенді аянып қалмаймыз», - деп жазған ол.

Еріктілер Алматы көшелеріне Жұлдыздың жоғалғаны туралы парақшалар іліп, көрген-білгендер болса хабарласуды өтінді: +7778 360 87 77; +7 705 799 99 44.

Дереккөз: BNews.kz

3 тамыз 2016, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.