Атырау, 23 желтоқсан 00:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Бақытбек Есентаевтың қамау мерзімі бір айға ұзартылды

2 568 рет қаралды

Сурет әлеуметтік желіден алындыСот белгілі продюсер Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевтың қамау мерзімін 10 қыркүйекке дейін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Талғар аудандық сотының кеңсе жетекшісі Асқар Қалмақбаевқа сілтеме жасап.

Есентаев қазіргі уақытта Талғардың тергеу изоляторында. Қамау мерзімін ұзарту туралы шешімді Ілияс Мұхамедиұлы шығарды. Іс сотқа 29 шілдеде түскен, ал 30 шілдеде шешім шығарылған.

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") сотқа дейінгі тергеу басталған еді.

Еске салайық, 10 маусымда Баян Есентаева Талғар ауруханасына бассүйек ми жарақаты, пышақ жарақаты және мұрынның сынуы диагнозымен түскен болатын. Алдын ада мәлімет бойынша, оны күйеуі Бақытбек Есентаев ұрып-соққан. Бұл оқиға Құлжа тас жолында болған. Жәбірленушіге үш сағат бойы ота жасалды. Қазіргі уақытта Баян Есентаеваның денсаулығы жақсарып, ол жұмысын бастап кетті.

Дереккөз: Тengrinews.kz

3 тамыз 2016, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.