Атырау, 12 қазан 05:22
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Грантқа түсе алмаған түлек білім беру кредитін ала алады - БҒМ

2 334 просмотра

Фото: yandex.kzАғымдағы жылы білім грантына ие бола алмаған талапкерлер қаржы жағынан қиналса, білім беру кредиттерін кепілдендіруге арналған мемлекеттік бағдарламасына жүгініп, жылдық 10%-дан басталатын пайыздық мөлшерлемемен 12 жылға дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ-ның (бұдан әрі – Қаржы орталығы) кепілдігімен несие ресімдей алады. Қаржы орталығының кепілдігімен ұсынылатын білім беру кредиттері талапкерлерге де, Қазақстанның бүкіл ЖОО-лары мен колледждерінің барлық оқу үлгісіндегі студенттерге де беріледі, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда білім беру кредиттері Қаржы орталығының серіктес банктерінде әр түрлі шарттарда ұсынылады. Бағдарламаның қолданылу ауқымы кең, серіктес банктер республиканың барлық аймақтарында жұмыс жасайды. Кредиттің берілу механизмі бірдей: қарыз алушы банкке барып кеңес алады, ресімдеуге қажетті құжаттарды жинап, оларды банкке тапсырады. Білім беру кредиті қажеттілігіне қарай әр семестр немесе жыл сайын оқу орынның есепшотына аударылады.

Алайда, Қаржы орталығының кепілдігімен білім беру кредитін алу үшін бір немесе екі қосалқы қарыз алушының болуы талап етіледі. Бұл жерде қосалқы қарыз алушының төлеуге қабілеттілігі, яғни негізгі жұмыс орны бойынша алатын табысы ескеріледі. Кредиттің сомасына шектеу қойылмайды, бастысы барлық оқу кезеңі үшін оқу құнынан аспаса болғаны.

Ерекше атап кетерлігі, бұл бағдарламада жеңілдікті кезең беріледі, яғни оқу кезеңі мен оқуды бітіргеннен кейін 6 айға кредитті төлеу мерзімі кейінге шегеріледі. Кредитті кез келген уақытта мерзімінен бұрын өтеуге болады, ол үшін айыппұл санкциялары қолданылмайды.

Білім беру кредиттерін кепілдендірудің мемлекеттік бағдарламасы арқасында студент өз күшімен өз болашағын жоспарлай алады.

Дереккөз: Baq.kz

3 тамыз 2016, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.