Атырау, 12 қазан 05:25
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Матаевтарды кепілге үйқамақтан босатуды сұрады

2 406 просмотра

Астананың Есіл аудандық №2 сотында бүгін Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаевтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды. Тыңдауда адвокат Андрей Петров судья Ақболат Құрмантаевқа бірнеше өтініш жасады. Матаевтарды сотқа күзетпен әкелді,- деп хабарлады Азаттық.

Азаттық тілшісінің хабарлауныша, адвокат Андрей Петров судьядан Матаевтарды әрқайсысына 500 айлық есептік көрсеткіш (бір айлық есептік көрсеткіш - 2121 теңге) көлемінде кепіл төлеп, үйқамақтан босатуды сұрап, өтініш білдірді.

Адвокат Петров сонымен қоса сотты Матаевтар сотқа дейін үйқамақта отырған Алматыда өткізуді, сот-экономикалық сараптама тағайындауды, істі прокуратураның қайта қарауына жіберуді сұрады.

Сотқа жәбірленуші жақ ретінде қатысып жатан "Қазақтелеком" компаниясының өкілі Матаевтарды кепілге босатуға қарсы емесін білдірді

Судья Құрмантаев адвокаттың өтініші бойынша кеңесу бөлмесіне кіріп кетті.

Матаевтарды сотқа күзетпен әкелді.

Биыл 22 ақпанда «мемлекет қаржысын жымқырған» және «салықтан жалтарған» деген күдікпен ұсталған Сейітқазы Матаев 24 ақпаннан бері үйқамақта отыр. 28 наурызда оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттігі бас директоры Әсет Матаев та үйқамаққа алынған. Әкелі-балалы Матаевтар өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарып, «келген зиян» туралы айыптау толықанды аудиторлық тексеру жүргізілместен тағылғанын айтады.

Мамыр айында Сейітқазы Матаевтың адвокаттары оған тағылған айып қызмет өкілетін пайдаланып өзіне артылған сенімді теріс мақсатқа пайдаланды" деген ауыр бапқа өзгергенін хабарлаған. Әсет Матаевқа қатысты айып та осыған ұқсас өзгертілген.

ҚазТАГ агенттігінің ақпараты бойынша, арасында ВВС, «Неміс толқыны», РБК, «Россия-24», France Press және өзгелері бар шетелдік бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары Сейітқазы Матаевтың ісі бойынша өтетін сотқа қатысуға ниет білдірген.

Дереккөз: Аzattyq.org

3 тамыз 2016, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.