Атырау, 12 қазан 05:16
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ресейдің қорғаныс министрі жұмыс сапарымен Қазақстанға келді

2 081 просмотра

Фото: ria.ruРесейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу қысқа жұмыс сапарымен Қазақстанға келді, деп хабарлайды BNews.kz.

Шойгу Жамбыл облысындағы «Гвардейск» полигонында ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті.

«Кездесу барысында қос тарап екі елдің стратегиялық серіктестігі аясында әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды», - деді Ресейдің әскери ведомствосының ресми өкілі генерал-майор Игорь Конашенков.

Естеріңізге салып өтсек, бүгін елімізде Армия халықаралық ойындары-2016 додасы басталады. Ел аумағында АрМИ бағдарламасының екі байқауы өтпек. Ол – «Артиллериялық оқ ату шеберлері» және «Мерген шебі». Тамыздың екі мен тоғызы аралығында «Гвардейск» полигоны әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған үздік мергендер мен артиллерияшылардың сайысы өтетін орынға айналмақ. Жарысқа 12 елден, яғни, Қазақстан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Зимбабве, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Ресей және Грекиядан 270-тен астам әскери қызметші қатысады.

Дереккөз: BNews.kz

2 тамыз 2016, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.