Атырау, 12 қазан 05:25
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Бүгін елімізде Армия халықаралық ойындары басталады

2 342 просмотра

Фото: BNews.kzФото: BNews.kzФото: BNews.kzФото: BNews.kzФото: BNews.kz

Бүгін елімізде Армия халықаралық ойындары-2016 жарысы басталады, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Қарулы Күштерінің «Гвардейск» полигоны аумағында алғаш рет «Артиллериялық оқ ату шебері» мен «Мерген шебі» байқауы өткізілмек.

Ресейдегі Армия халықаралық ойындары – 2016 додасында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамасы ең белсенді командалардың бірі болып танылды. Әскери қызметшілеріміз 23 байқаудың 21-іне қатысты.

АрМИ-2016 ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов арнайы келді. Қорғаныс ведомствосының басшысы сайыста еліміздің Қарулы Күштерінің намысын қорғайтын қазақстандық құрамамен жүздесіп, әскери қызметшілерге алдағы байқауда сәттілік және жеңіс тіледі.

Ойындарға 3 000-нан аса әскери қызметші, Азия, Еуропа, Африка және Латын Америкасының 20 мемлекетінен келген 120-ға жуық команда қатысады. Ресей мен Қазақстанның 20 әскери полигонында далалық, әуе және теңіз дағдысы бойынша 23 байқау бір уақытта өтеді.

Дереккөз: BNews.kz

2 тамыз 2016, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.