Атырау, 12 қазан 03:24
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жұмыссыз жастарды «стройбатқа» тарту мәселесі әлі пысықталған жоқ

1 858 просмотра

Фото: youtube.comBaq.kz порталының ресми сауалына жауап берген денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жұмыссыз қалған мектеп түлектері мен колледж студенттерін «стройбатқа» тарту мәселесінің құзіретті мелекеттік органмен әлі пысықталмағанын жеткізіп, жастар арасындағы жұмыссыздыққа қатысты статистиканы келтірді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Айта кетейік, Министрлер кабинетінің соңғы отырысында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мектептен кейін оқуға түсе алмаған, сондай-ақ кәсіби-техникалық ұйымдардан кейін жұмыссыз қалған жастарды әскер қатарына шақырып, құрылыс батальондарында, халық арасында «стройбат» деп аталып кеткен құрылымдарда жұмыспен қамтып, нақты бір мамандық беруді ұсынған болатын. Аталған тәжірибе кеңестер кезінде болған.

«Жұмысқа орналаспаған жастарды әскер қатарына шақырып, «стройбаттарда» жұмыспен қамту мәселесі алдағы уақытта Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып пысықталады», - делінген денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми хатында.

Осы орайда министрлік статистикалық мәліметтерді де келтірді. Ресми ақпаратқа сәйкес, 2016 жылғы 1-тоқсандағы жағдай бойынша республикада жұмыссыз жүрген жастардың саны 101,7 мың адамды құрайды. Алайда мектеп түлектері және колледж студенттері жасындағы азаматтар бойынша бөлек есеп жүргізілмейді. Бұған дейін Baq.kz порталы осы бастамаға қатысты ата-аналар мен мектеп түлектерінің пікірін білген еді.

Дереккөз: Baq.kz

1 тамыз 2016, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.