Атырау, 12 қазан 03:20
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстандық 104 спортшы алдын ала допинг тексерісінен өтті

1 812 просмотра

2016 жылы Рио-де-Жанейрода 26 спорт түрі бойынша өтетін жазғы олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық 104 спортшы алдын ала допинг тексерісінен өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қосымша допинг тексерісі 20 шілдеде басталып, 1 тамызда аяқталды. Әділ нәтижелерді алу мақсатында тест сынамалары тәуелсіз және Бүкіләлемдік допингпен күрес агенттігінің (WADA) зертханасына Дрезденденге (Германияға) жіберілді. Айта кетейік, егер де тест сынамалары тыйым салынған заттардың бар екенін растаса, атлеттерге ұлттық деңгейде қатаң санкциялар қолданылады.

Сонымен қатар, Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетіне халықаралық олимпиада комитетінен хат келіп түсті. Құжатта ХОК-тың қазақстандық тараптың допингпен күресуге бағытталған шараларын қолдайтыны айтылған.

Еске салайық, 2016 жылы өтетін Олимпиада ойындары Рио-де-Жанейрода (Бразилия) 5-21 тамыз аралығында өтеді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

1 тамыз 2016, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.