Атырау, 12 қазан 03:18
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстанда түйнеме бойынша карантин алынды

2 382 просмотра

Image 0Қазақстанның бірқатар облыстарындағы түйнеме пайда болуына байланысты енгізілген карантин алынды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдолданов хабарлады.

«Түйнеме бойынша бүгінде жағдай тұрақты. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында карантин алынды. 15 күннен кейін аяқталады», - деді Тұрсын Қабдолданов баспасөз мәслихаты барысында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Еске салсақ, 2016 жылғы 8 маусым мен 8 шілде аралығында Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында адамдардың түйнеме жұқтырғаны жайлы расталған 16 факті тіркелді. Оның үшеуі көз жұмды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

29 шілде 2016, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.