Атырау, 23 желтоқсан 00:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Шымкент белсенділеріне митинг өткізуге үшінші рет рұқсат етпеді

2 778 рет қаралды

Фото: Аzattyq.orgШымкент әкімдігі қала белсенділерінің жерді сату жəне жалға беруге қарсы 30- шілдеде митинг өткізу туралы өтініштерін тағы қабылдамай тастады. Бұл туралы Азаттықтта белсенді Ибраһим Əлсерке (суретте) хабарлады.

Ибраһим Əлсеркенің айтуынша, 7 шілде күні бірнеше қоғам белсендісі жер туралы Қазақстан заңнамаларының дұрыс орындалмағанына қатысты халық наразылығын жеткізу мақсатында Абай саябағының Даңқ мемориалы алаңында митинг өткізуге рұқсат сұрап қалалық әкімдікке өтініш берген.

- Əкімдік митинг өткізуге біз сұраған Даңқ мемориалының айналасындағы көгалды 30-31шілде күндері дәрілейтін болғандықтан рұқсат бермейтінін айтып өтінішімізді кері қайтарды. Әкімдіктің бұл жауабын тексеру үшін 30 шілде күні алаңға барамын. Біз заңды түрде рұқсат бермегенше әкімдікке өтініш білдіре береміз, - дейді белсенді.

Шымкент қаласы əкімдігі осыған дейін белсенділерге жерді сату жəне жалға беруге қарсылық ретінде екі рет - 21 мамыр және 6 шілдеде митинг өткізуге рұқсат бермеген еді.

Дереккөз: Аzattyq.org

27 шілде 2016, 14:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.