Атырау, 12 қазан 01:27
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Алматыдағы Арбат маңында шыққан өрт сөндірілді

2 527 просмотра

Фото: СТВАрбат маңында шыққан өрт сөндірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.

"2016 жылдың 27 шілдесінде "101" пультіне куәгерден Алмалы ауданы Панфилов көшесі "Д.А.Қонаев халықаралық қоры" 99 үйінің өртеніп жатқаны жайлы хабар түсті. Бірінші өртсөндіру бөлімшелері оқиға орнына 4 минуттан кейін 7.53-те жетті. Өртті сөндіруге ғимараттың алдыңғы беткі құрылымы мен шатырының құрылысы, сонымен қатар екі қабатты металл шатыры қиындықтар туғызды. Сөндіру кезінде материалдық құндылықтар қауіпсіз жерге жеткізілді", - деп хабарлады қалалық ТЖД өкілдері.

Айтуларынша, өрт 9.26-да сөндірілді. Өрт шалған аумақ 150 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Айта кетейік, бұл ғимарат 1860 жылы салынған екен.


Дереккөз: Tengrinews.kz

27 шілде 2016, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.