Атырау, 12 қазан 01:26
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

KASE күндізгі сессиясы: АҚШ доллары - 351,02 теңге

2 111 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды, деп хабарлады қор биржасынан.

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша: есептесуі теңгемен Т+0 (USDKZT_TOD) АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 351,02 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 89 750 мың АҚШ долларын құрады; есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; есептесуі Т+0, теңгемен еуроның орташа сараланған бағамы бір еуроға 383,65 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 100 мың еуро болды; есептесуі Т+1 және Т+2 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ; есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,3492 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 60 900 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 350,20 теңгені(+6,32 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі - 121 700 мың USD (-8 350 мың.

Валюталық своп операциялары нарығында: USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +13,1132 % құрады, сауда-саттық көлемі - 252 300 мың АҚШ долларын құрады; USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +13,0981 % құрады, сауда-саттық көлемі - 104 700 мың АҚШ долларын құрады; EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 31 банк қатысты.

Дереккөз: Іnform.kz

26 шілде 2016, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.