Атырау, 12 қазан 01:26
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Төлем кезінде өз қалауынша комиссия енгізген банктер заң алдында жауап береді

1 476 просмотра

Бұдан былай Ұлттық банк белгілеген шектік комиссиядан артық комиссия ұстаған банктер заң бойынша жауап береді – дейді BAQ.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банктің қаржы өнімдерін бақылау бөлімінің басшысы Айгүл Закарьянова айтты.

«Егер Ұлттық банк бекіткен комиссиялар тізімінен бөлек, банктердің қалауынша қосымша жарна енгізгені анықталса,Ұлттық оларды банк заң алдында жауапқа тартатын болады», — дейді бөлім басшысы.

Сонымен қатар Айгүл Закарьянованың айтуына қарағанда бұған дейін банктер түрлі төлемдер, ақша аударымдары және айыппұлдарды төлеген кезде алынатын комиссия мөлшерін өздері белгілеп келген. Енді бұдан былай олай болмайды.

Ұлттық банктің хабарлауынша, алынатын комиссия мен басқа да төлемдер саны он бірден аспайды. Ал бұған дейін банктер 40-тан астам комиссия мен жеке төлемдер енгізіп келгені анықталды.

Сонымен қатар бөлім басшысы «Банктер мен банк ісі» туралы заңға өзгерістер енгізіліп, оған сәйкес төлем кезінде алынатын комиссия тізімін алдағы уақытта Ұлттық банк белгілеп беретінін айтты.

Дереккөз: Baq.kz

26 шілде 2016, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.