Атырау, 12 қазан 01:27
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

KASE таңертеңгілік сессиясы: доллар 347,86 теңгеге өсті

2 243 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат- Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды.


Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 теңгемен (USDKZT_TOD) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен
(EURKZT_TOD) еуро бойынша және есептесуі T+0 АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша, есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Аталған қаржы құралдары үшін осы сессия негізгі болып табылады.
Сауда-саттыққа KASE валюта нарығының 25 мүшесі қатысты.

Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 347,86 теңгені (+3,98 теңге), ал сауда-саттық көлемі - 31 300 мың АҚШ долларын (-81 400 мың USD) құрады.
Есептесуі Т+1 теңгемен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.

Есептесуі Т+0 теңгемен және АҚШ долларымен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юанінің орташа сараланған бағамы бір юаньға 52,0825 теңгені құрады, ал сауда-саттық көлемі - 400 мың юань болды.

Осы хабарламада аталмыш трендтердің барлығы алдыңғы таңертеңгілік сессиямен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.

Дереккөз: Іnform.kz

26 шілде 2016, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.