Атырау, 2 маусым 13:12
 дождьВ Атырау +15.1
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Ақтөбелікті лаңкестерді жасырғаны үшін қамауға алды

1 779 рет қаралды

Ақтөбе қалалық №2 сотының 21 шілдедегі қаулысымен жергілікті тұрғын Мирлан Ердәуов қамауға алынды. Ол лаңкестерді жасырды деп айыпталуда,- деп хабарлады Қазақпарат.

«Ақтөбе қалалық №2 сотына Ердәуов Мирлан Саламатұлына қатысты ҚР ҚК 432 бабында қарастырылған заңды бұзды деген күдікпен оны қамауға алу туралы арыз түсті», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

М.Ердәуов іздеуде болған үш лаңкеске көмектесіп, оларға баспана жалдады деген күдік бар.

М.Ердәуов 2 ай қамауда болады.

Дереккөз: Іnform.kz

25 шілде 2016, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.