Атырау, 23 желтоқсан 00:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстандықтар Бразилияға 30 күн бойы визасыз кіре алады

2 378 рет қаралды

Фото: Tengrinews.kz Қазақстандықтар Бразилияға 30 күн бойы визасыз кіре алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СІМ-де сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді мен Бразилияның Қазақстандағы елшісі Деметрио Буэно Карвальо екі ел арасында азаматтардың визасыз жүру құқығын беретін құжатқа қол қойды. Келісім бойынша қазақстандықтар Бразилияда 30 күн бойы визасыз жүре алады.

Айта кетейік, 5 тамызда бұл елдегі Рио-де-Жанейро қаласында жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтіп, жарыстар 21 тамызға дейін созылады.

Дереккөз: Tengrinews.kz




25 шілде 2016, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.