АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі өткен түнде Бавариядағы жарылыс кезінде болуы ықтимал қазақстандықтар туралы мәліметтерді тексереді. Ведомство ақпаратты кейінірек беретін болады.
«Қазіргі уақытта қазақстандықтар туралы ақпарат келіп түспеді»,- деді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов ҚазАқпаратқа.
Бұрын хабарланғандай, ГФР Бавария федеральды жеріндегі Ансбах қаласында дүйсенбіге қараған түні жарылыс орын алды. Жергілікті биліктің айтуынша, оған жарылғыш заты себеп болған. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты, 11 жапа шекті, деп жазды РИА Новости. Алдын ала болжамға қарағанда, жарылысты сол жерде мерт болған адам ұйымдастырған.
Дереккөз: Іnform.kz
В Атырау 0