Атырау, 23 желтоқсан 00:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Павлодарлық полицейлер жыл басынан бергі ең ірі есірткі партиясын тәркіледі

1 657 рет қаралды

Павлодар қаласында үйінде 121 келіден астам есірткі сақтаған 46 жастағы тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратынша, есірткі сатып, пайда таппақшы болған тұрғын «Көкнәр-2016» жедел-алдын алу шарасы барысында қолға түскен.

«Осылайша, Павлодар облысына ірі көлемде есірткі тасымалдауға тосқауыл қойылды. Жедел-алдын алу шарасы барысында ер адамның гаражынан 121 келі 809 грамм марихуана мен 8 келі 600 грамм гишиш тәркіленді», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінің мамандары.

Аталмыш дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің кінәсі дәлелденген жағдайда, ол 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Статистикалық деректерге сүйенсек, жыл басынан бері Ертіс өңірінде тәртіп сақшылар 200 келіден астам есірткі тәркілеген.

Дереккөз: BNews.kz

25 шілде 2016, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.